Жалған бизнес: Абай облысында кәсіп бастамақ болған азамат 2 миллион теңгесінен айырылды

Жалған бизнес: Абай облысында кәсіп бастамақ болған азамат 2 миллион теңгесінен айырылды

Полицияға Бородулиха ауданының 25 жастағы тұрғыны алаяқтық фактісі туралы хабарлады. Оның айтуынша, аса таныс емес ер адам үй техникасын бірге сатып алып, кейін қайта сату арқылы пайда табуға ұсыныс жасаған. Келісімнің тиімділігіне сендірген соң, күдікті азаматтың ақшасын және мүлігін — төрт iPhone 13 ұялы телефоны мен ноутбукты иемденіп кеткен. Жалпы материалдық шығын 2 000 000 теңгені құрады.

👮‍♂️Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 23 жастағы Бородулиха ауданының тұрғынын анықтады. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктінің үстінен процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде келу туралы міндеттеме алынған.

🚨Полиция ескертеді:
техника мен басқа да тауарларды қайта сату арқылы «жеңіл табыс» ұсынатын ұсыныстар көбінесе алаяқтық схемалар болып табылады. Ақша мен мүлікті тапсырар алдында әріптестерді және келісім шарттарын мұқият тексеру маңызды.