«Қауіпсіз үй»: Абай облысында 4 күн ішінді 6300-ден аса рейд жүргізілді.

«Қауіпсіз үй»: Абай облысында 4 күн ішінді 6300-ден аса рейд жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 26 мен 29 наурызы аралығында облыс аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз үй» жедел профилактикалық іс-шарасыөткізілді. Іс-шара аясында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен, блогерлермен, еріктілермен, құқық қорғау бағытындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшелерімен және басқа да мүдделі тұлғалармен тығыз өзара іс-қимыл орнатылды.

✅Рейдтік іс-шара барысында тұрғын үйлер мен жеке сектордағы қауіпсіздік жағдайы жан-жақты тексеріліп, қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау мәселелері бақылауға алынды. Осы кезеңде жалпы 6386 рейдтік жұмыс жүргізіліп, 1252 есептегі тұлға тексерілді, 668 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

👮‍♂️Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, тұрғын үй аумақтарындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыру.

✅Сонымен қатар, рейдтік тексерістер арқылы жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау қызметкерлері тұрғындардың сұрақтарына тікелей жауап беріп, құқықтық кеңестер ұсынды.