
Бүгінде полиция тек құқықбұзушылықтардың алдын алумен ғана айналыспайды, сонымен қатар қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға да ерекше мән береді. Бұл бағытта әрбір азаматтың рөлі маңызды.
Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Абай облысының аумағында бірқатар жедел-профилактикалық іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан іс-шаралар:
«Таза Қазақстан» акциясы — тұрақты негізде;
«Қаңғыбас» ЖПІШ — 2025 жылғы 22 сәуірден бастап арнайы нұсқауға дейін;
«Anti-Fraud» ЖПІШ — 2026 жылғы 1 ақпаннан 30 сәуірге дейін;
«Қауіпсіз үй» ЖПІШ — 2026 жылғы 26-29 наурыз аралығында;
«Демалыс» ЖПІШ — 2026 жылғы 26-28 наурыз аралығында;
«Профилактика» ЖПІШ— 2026 жылғы 26-30 наурыз аралығында.
Әрбір іс-шара нақты міндеттерді шешуге бағытталған — интернет-алаяқтықтың алдын алудан бастап, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға дейін.
Бірақ ең бастысы — қоғаммен серіктестік.
Полиция азаматтарды:
• құқықбұзушылықтарға бейжай қарамауға;
• күмәнді жағдайлар туралы хабарлауға;
• заңды сақтауға және жеке жауапкершілікке;
• өз айналасында қауіпсіз орта қалыптастыруға қатысуға шақырады.
Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана шынайы қауіпсіз қоғам құруға болады.