Ажырасудан кейін бәрі аяқталмайды: полиция тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасырын түрлері туралы

Ажырасудан кейін бәрі аяқталмайды: полиция тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасырын түрлері туралы

Абай облысының Полиция департаменті қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кеңінен байқала бермейтін түрлерінің бірі — сталкингке арналған әлеуметтік бейнеролик ұсынады.

Ажырасу немесе қарым-қатынастың үзілуі әрдайым жанжалдың аяқталғанын білдірмейді. Кей жағдайда қысым көрсету басқа формада жалғасады: мазасыздандыратын қоңыраулар мен хабарламалар, шақырылмаған кездесулер, тұрақты бақылау мен қудалау арқылы көрініс табады.

Мұндай әрекеттердің қамқорлықпен немесе жанашырлықпен еш байланысы жоқ екенін түсіну маңызды. Бұл — адамның жеке шекараларын бұзып, қауіпсіздігіне қатер төндіретін сталкинг.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік көзделген.

Полиция азаматтарды мұндай жағдайларды елемей қалдырмай, уақытылы көмекке жүгінуге шақырады.
Әрбір адам жеке қауіпсіздікке және кез келген қысымнан қорғалуға құқылы.

Мәселемен жалғыз қалмаңыз — полицияға жүгініңіз.