
2026 жылғы 27 наурызда 27 жастағы жүргізуші Chevrolet Cobalt маркалы автокөлігін басқарып, Қабанбай батыр және Уранхаев көшелерінің қиылысында екінші дәрежелі жолдан басты жолға шығу кезінде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, басты жолмен келе жатқан ГАЗ-33021 автокөлігімен соқтығысқан.
Соққы салдарынан инерциямен ВАЗ-21901 автокөлігімен кейінгі соқтығыс орын алған.
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер жоқ.
Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі көлік құралдарының бүлінуіне әкеп соққан жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аталған құқық бұзушылық үшін 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе алты айға дейін көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы көзделген.
Абай облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға, екінші дәрежелі жолдан шығу кезінде аса мұқият болуға және жол белгілері мен таңбалардың талаптарын бұлжытпай орындауға шақырады.