Абай облысында "Қауіпсіз үй" рейдтік іс-шарасы өткізілуде.

Абай облысында "Қауіпсіз үй" рейдтік іс-шарасы өткізілуде.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 26 наурызынан бастап 29 наурызына дейін облыс аумағында жергілікті атқарушы органдармен, блогерлермен, еріктілермен, құқық қорғау бағытындағы қоғамдық бірлестіктер мүшелерімен және басқа да мүдделі тұлғалармен өзара іс-қимыл аясында «Қауіпсіз үй» атты жергілікті рейдтік іс-шарасы өткізілуде.

‼️Негізгі бағыттары:

 🔹өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды анықтау;
 🔹тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы құқық бұзушылықтардың, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері аулаларды аралау жұмыстарын жүргізуде. Бұл ретте саяжай алқаптарына, құрылыс нысандарына, жалдамалы пәтерлерге және өзге де үй-жайларға заңнама бұзушылықтарын анықтау мақсатында ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу, мас күйінде жүру, ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы құқық бұзушылықтар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде, оның ішінде ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болуы сияқты құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тексеру ұйымдастырылады.