Абай облысының полициясы жасөспірімдер арасында профилактикалық жұмысты күшейтуде

Абай облысының полициясы жасөспірімдер арасында профилактикалық жұмысты күшейтуде

Абай облысының полиция қызметкерлері жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстарын жалғастыруда. Кезекті профилактикалық кездесу Жарма ауданында — Қалбатау ауылындағы Маяковский атындағы орта мектептің 10–11 сынып оқушыларымен өтті.

Оқушыламен аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің бастығы Серік Кокиев және қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы Аазамат Түсіпбеков кездесті.

Ашық диалог барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдерге заманауи қоғамдағы өзекті қауіп-қатерлерді қарапайым әрі нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Әсіресе құқық бұзушылықтардың алдын алу, интернет-алаяқтық, есірткінің заңсыз айналымы, сондай-ақ буллинг пен кибербуллинг мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауапкершілік тақырыбы жеке қарастырылды. Оқушыларға заңсыз қудалау (сталкинг) үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны түсіндіріліп, мұндай құқық бұзушылықтардың салдары баяндалды.

Полиция қызметкерлері ішкі істер органдарындағы қызмет туралы, салалық оқу орындарына түсу мүмкіндіктері мен кәсіби өсу перспективалары жөнінде ақпарат беріп, жоғары сынып оқушыларының қызығушылығын тудырды.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға, жауапкершілік сезімін арттыруға және жасөспірімдердің шынайы өмірде де, цифрлық ортада да қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.