
Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері кітап оқу мәдениетін насихаттау мақсатында Абай атындағы әмбебап кітапханаға барып, «Бірге кітап оқиық» атты танымдық акцияға қатысты.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері кітапхананың бай кітап қорымен танысып, қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы шығармаларын парақтап, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы пікір алмасты.
Акцияның негізгі мақсаты – қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, жастарды рухани-мәдени құндылықтарға баулу және білімге деген ұмтылысты қолдау.
Полицейлер мұндай мәдени-ағартушылық шаралар тұлғаның рухани дамуына оң әсер ететінін атап өтті. Олардың айтуынша, кітап оқу – ой-өрісті кеңейтіп, адамды ізгілік пен парасаттылыққа жетелейтін маңызды құндылық.
Шара соңында қатысушылар кітапхана қызметкерлеріне алғыс білдіріп, алдағы уақытта да осындай мәдени кездесулерді жалғастыруға ниет білдірді.