
Абай облысында автокөліктің өртенуі жағдайы тіркеліп, бұл туралы әлеуметтік желіде бейнеролик жарияланған болатын. Оқиға орнына бірден Партульдік полиция ротасының қызметкерлері жетіп, жағдайға шұғыл және кәсіби түрде кірісті. Алғашында қызметкерлер жүк көлігінің ішіндегі заттарды шығарып алу әрекетін жасады, алайда қауіптің жоғары деңгейіне байланысты бұл әрекет сәтсіз болды.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлерінің жылдам әрі үйлесімді әрекеттері оқиға барысын бақылауға алуға мүмкіндік берді. Қиын жағдайға тап болған Беларусь Республикасының азаматы – жүк көлігінің жүргізушісі – полиция қызметкерлерінің кәсіби және жан-жақты көмегін жоғары бағалап, ризашылығын білдірді.
Жүргізушінің айтуынша, бұл күн оның өміріндегі ең ауыр сәттердің бірі болды:
«Егер полиция қызметкерлері уақытында жетпегенде, жағдай әлдеқайда күрделі болуы мүмкін еді. Олардың кәсіби әрекеттері мен жылы ықыласы мені терең әсер етті. Мен шын жүректен ризашылығымды білдіремін және әрбір қызметкерге алғысымды айтамын. Олардың батылдығы мен шұғыл әрекеттері ерекше құрметке лайық. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері мені қиын жағдайда жалғыз қалдырмай, жатын орын мен тамақпен қамтасыз етуде».
Абай облысы Полиция департаменті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әрдайым дайын екенін және төтенше жағдайларда жедел әрі нақты әрекет етеді. Бұл оқиға полиция қызметкерлерінің кәсібилігін, төтенше жағдайларда шешім қабылдау шеберлігін және азаматтардың қауіпсіздігін бірінші орынға қоюға дайын екендігін тағы бір рет дәлелдеді.
Құрметті тұрғындар, жолда сақтық танытып, төтенше жағдайларды болдырмау үшін қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз. Ал полиция қызметкерлері әрдайым сіздердің қауіпсіздігіңіз үшін жауапкершілікпен қызмет атқарады және кез келген төтенше жағдайда жедел араласуға дайын.