Абай облысында жыл басынан бері жол көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған 26 бала зардап шеккен

Абай облысында жыл басынан бері жол көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған  26 бала зардап шеккен

Жыл басынан бері Абай облысы аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 19 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Аталған жол-көлік оқиғаларының салдарынан 26 кәмелетке толмаған бала түрлі дәрежедегі жарақат алған.

⚜️Талдау нәтижесіне сәйкес, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының жиі кездесетін себептерінің бірі – жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі. Кейбір жағдайларда балалар жол қозғалысы ережелерін сақтамай, жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жерлерден жолды кесіп өтеді. Бұл өз кезегінде олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

🚔Мысалы, жолдың белгіленбеген жерінен өткен жаяу жүргіншіні көлік қағу фактісі тіркеліп, нәтижесінде бір адам жарақат алды. Сонымен қатар, жаяу жүргіншінің кінәсінен болған бір жол-көлік оқиғасында тағы бір адам зардап шекті.

Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілер өткелдерінде орын алған жол-көлік оқиғалары салдарынан 9 кәмелетке толмаған жарақат алған.

Осыған байланысты Абай облысы Полиция департаменті қызметкерлері профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Негізгі мақсат – жол қозғалысына қатысушылар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

👮‍♂️Абай облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Бауыржан Омаров:

«Кәмелетке толмағандардың жолдағы қауіпсіздігіне ата-аналар мен заңды өкілдердің назар аударуы маңызды. Балаларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, жолды тек белгіленген жерлерден кесіп өту керектігін үйрету қажет. Сонымен қатар жүргізушілер де жолда аса мұқият болуы тиіс», – деп атап өтті.



🚨Полиция қызметкерлері ата-аналар мен заңды өкілдерді балаларға жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіруге, сондай-ақ жол қозғалысы кезінде сақ болуға шақырады. Балалардың жолдағы қауіпсіздігі жол қозғалысына қатысушылардың барлығының жауапкершілігіне байланысты.