
Әлеуметтік желілерде Семей қаласындағы Абай даңғылы бойындағы бір мекеменің жанында күндізгі уақытта екі шетелдік азаматтың қоғамдық орында табиғи қажеттілігін өтеп жатқан сәті бейнеленген видео тараған болатын.
Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен құқық бұзушылардың жеке басын анықтады. Олар 37 және 43 жастағы шетелдік азаматтар болып шықты.
Анықталғандай, құқық бұзушылықтың бейнежазбасы әлеуметтік желілерде оқиға болғаннан кейін бір ай өткен соң жарияланған. Осы уақыт ішінде аталған азаматтар Қазақстан Республикасының аумағынан шығып кеткен.
Соған қарамастан, олардың әрекеттеріне құқықтық баға берілді. Полицияның бастамасымен аталған тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне бес жыл мерзімге тыйым салу туралы шешім қабылданды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тиісті шаралар қабылдау үшін ақпаратты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жолдады.
Полицияда атап өткендей, қоғамдық тәртіп пен мінез-құлық нормаларын сақтау — Қазақстан аумағында жүрген барлық азаматтар үшін, олардың азаматтығына қарамастан, міндетті болып табылады.