
Біріңғай профилактикалық күнді өткізу аясында құқықтық тәртіпті нығайту, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Абай облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшылық құрамы кешенді профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды. Аталған іс-шара барысында ішкі істер органдарының түрлі санаттағы профилактикалық есептерінде тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.
Профилактикалық күннің негізгі мақсаты – есепте тұрған азаматтардың тұрмыс-тіршілігін зерделеу, олардың заң талаптарын сақтау деңгейін бақылау, сондай-ақ қайта құқық бұзушылыққа жол бермеу бағытында түсіндіру жұмыстарын күшейту болды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері әрбір тұлғаның тұрғылықты мекенжайына барып, олардың әлеуметтік жағдайымен танысып, белгіленген шектеулер мен міндеттердің орындалуын тексерді.
Жалпы алғанда, біріңғай профилактикалық күн шеңберінде есепте тұрған 315 тұлға тұрғылықты жерлері бойынша тексеріліп, олармен жеке профилактикалық әңгімелер өткізілді. Кездесулер барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері әрбір азаматқа заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, олардың қоғамдағы жауапкершілігіне назар аударды.
Іс-шара барысында профилактикалық есепте тұрған тұлғалардың мінез-құлқы, тұрмыс жағдайы және қоғамдық ортадағы белсенділігі де назардан тыс қалған жоқ. Қажет болған жағдайда азаматтарға әлеуметтік-құқықтық кеңестер беріліп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай кездесулер құқық бұзушылықтың алдын алуда, сондай-ақ полиция мен тұрғындар арасындағы сенімді нығайтуда маңызды рөл атқарады.
Жүргізілген профилактикалық шаралар азаматтарды заң талаптарын сақтауға ынталандыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамдағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.