Абай облысының полицейлері Семейде 8 наурызға орай жарқын флешмоб ұйымдастырды

Абай облысының полицейлері Семейде 8 наурызға орай жарқын флешмоб ұйымдастырды

Халықаралық әйелдер күніне орай Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Семей қаласында мерекелік флешмоб өткізді.

Қаланың орталық алаңында полиция қызметкерлері қызметтік автокөліктерден Халықаралық әйелдер күніне арналған «8» санын бейнелеп, ерекше композиция жасады. Бұл акция барлық әйелдерге деген құрмет пен алғыс белгісі болды.

Мерекелік шара барысында полиция қызметкерлері қала тұрғындарына гүл шоқтарын тарту етіп, көшеде кездескен нәзік жандыларды құттықтады. Құттықтауларды әртүрлі жастағы әйелдер – кішкентай қыздардан бастап, аяулы аналар мен әжелерге дейін қабылдады. Шынайы күлкі, жылы лебіздер мен көтеріңкі көңіл-күй мерекенің ерекше атмосферасын қалыптастырды.

Мұндай ерекше флешмоб әйелдерге деген құрмет пен алғыстың тағы бір жарқын белгісіне айналды.

Абай облысының полицейлері барша нәзік жандыларға зор денсаулық, бақыт, амандық және көктемгі шуақты көңіл-күй тіледі.