Абай облысы Полиция департаментінде Психология және идеология бөлімдерінің ұйымдастыруымен «Гендерлік теңдік және әйелдердің кәсіби даму мүмкіндіктері» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымды іс-шара өтті.

Абай облысы Полиция департаментінде Психология және идеология бөлімдерінің ұйымдастыруымен «Гендерлік теңдік және әйелдердің кәсіби даму мүмкіндіктері» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымды іс-шара өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – қызметтік ортада тең құқық қағидаттарын кеңінен насихаттау, әйел қызметкерлердің кәсіби өсуіне қолдау көрсету және олардың ішкі әлеуетін ашуға ықпал ету болды.

✅Іс-шара барысында полиция қызметкерлері арасында гендерлік теңдік мәселесі, заманауи қоғамдағы әйелдердің рөлі мен олардың мемлекеттік қызметтегі маңыздылығы жан-жақты талқыланды. Қатысушылар кәсіби қызметте өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту және мансаптық өсу жолында кездесетін кедергілерді еңсеру тақырыптары төңірегінде пікір алмасты. Мұндай кездесулер ұжымда өзара қолдау мәдениетін қалыптастырып, әр қызметкердің кәсіби және тұлғалық дамуына серпін беретіні атап өтілді.

Іс-шараның құрметті қонағы ретінде қалалық мәслихат депутаты Шолпан Молдағалиева шақырылды.
Ол қатысушылармен еркін форматта әңгімелесіп, өзінің өмірлік және кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Депутат қоғамдағы әйелдердің белсенді азаматтық ұстанымының маңыздылығына тоқталып, табысты мансап пен қоғамдық қызметтің үйлесімділігін сақтаудағы басты қағидаларға назар аударды. Сонымен қатар ол әйелдерге кәсіби дамуда батыл қадам жасап, өз мүмкіндіктеріне сену қажеттігін атап өтті.

👮‍♂️Кездесу барысында әйелдердің мемлекеттік қызметтегі үлесі жылдан-жылға артып келе жатқаны, олардың басқарушылық қабілеті мен жауапкершілігі көптеген саланың дамуына оң ықпал ететіні айтылды. Шолпан Молдағалиева қатысушыларды белсенділік танытып, білімін үздіксіз жетілдіруге, жаңа бастамалардан қорықпауға және қоғам игілігі үшін қызмет етуге шақырды.

Іс-шараның практикалық бөлігінде Полиция департаментінің инспектор-психологтары «Армандар картасы» атты тренинг өткізді. Бұл сабақ қатысушылардың мақсат қою дағдыларын дамытуға, жеке және кәсіби бағдарларын нақтылауға, сондай-ақ болашаққа деген сенімді көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.

⚜️Тренинг барысында қатысушылар өз армандары мен жоспарларын қағаз бетіне түсіріп, түрлі символдар мен бейнелер арқылы болашақ мақсаттарын визуализациялады. Психологтар мақсатқа жетудің психологиялық механизмдері, ішкі мотивацияны күшейту жолдары және жоспарларды жүйелі түрде жүзеге асыру әдістері туралы кеңестер берді. Қатысушылар өздерінің басты басымдықтарын айқындап, кәсіби және жеке өмірде қол жеткізгісі келетін нәтижелерін анықтады.

Жаттығу барысында ашық пікір алмасу, тәжірибе бөлісу және бір-бірін қолдау атмосферасы қалыптасты. Қатысушылар мұндай практикалық сабақтардың өз-өзіне сенімділікті арттыруға, болашаққа нақты жоспар құруға және қызметтік міндеттерді тиімді орындауға үлкен көмегін тигізетінін атап өтті.

Іс-шара қорытындысында ұйымдастырушылар гендерлік теңдік қағидаттарын дамыту, әйелдердің кәсіби өсуіне жағдай жасау және ұжым ішінде қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

Осындай мазмұнды кездесулер қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттырып қана қоймай, олардың тұлғалық дамуына, мақсаттарын айқындауына және қоғамдағы өз орнын нық қалыптастыруына мүмкіндік береді.