Абай облысында полиция қызметкері құқықтық бағыттағы қауіпсіздік сабағын өткізді

Абай облысында полиция қызметкері құқықтық бағыттағы қауіпсіздік сабағын өткізді

Абай облысы ПД Жедел қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы, полиция капитаны Хасенов Айдар Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия базасында «Жастарға үлгі – елге тірек» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өтті.

✅Кездесудің мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру, сондай-ақ отансүйгіштік рухты қалыптастыру.

Сабақ барысында полиция капитаны арнайы жасақ қызметінің ерекшеліктері, кәсіби даярлық пен темірдей тәртіптің маңызы туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, өзінің спорттағы жетістіктеріне тоқталып, түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болғанын атап өтті. Спорттың адам мінезін шыңдап, төзімділік пен ерік-жігерді қалыптастыратынын ерекше айтты.

Оқушыларға әрқашан мақсатқа ұмтылып, өз-өзіне сенімді болу, салауатты өмір салтын ұстану – табыстың кілті екенін жеткізді.

Кездесу барысында еркін пікір алмасу ұйымдастырылып, оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарына нақты жауап алды.

Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін нығайтып, оларды биік мақсаттарға жетуге ынталандырады.