Ар-намыс, батылдық, жеңіс: қауіпсіздік сабағында рух пен жауапкершілік үндестігі

Ар-намыс, батылдық, жеңіс: қауіпсіздік сабағында рух пен жауапкершілік үндестігі

Семей қаласындағы №22 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ар-намыс, батылдық, жеңіс» тақырыбында мазмұнды қауіпсіздік сабағы өтті. Іс-шараны ЖҚАЖ аға инспекторы полиция аға лейтенанты Көшкінбаев Мейір өткізді.

👮‍♂️Сабақтың басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және жас ұрпақтың бойында ар-намыс пен жауапкершілік қасиеттерін нығайту болды. Кездесу барысында тәртіп сақтау, заң талаптарын құрметтеу, қоғамдық орындардағы және жол үстіндегі қауіпсіздік мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Полиция аға лейтенанты жасөспірімдерге батылдық – тек күш көрсету емес, ең алдымен дұрыс шешім қабылдап, заңды құрметтеу екенін атап өтті. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтың алдын алу, жалған ақпарат пен арандатушылыққа ермеу, киберқауіпсіздік ережелерін сақтау туралы нақты мысалдар келтірілді.

Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мазмұнды жауап беріліп, еркін пікір алмасу алаңы қалыптасты. Сабақ соңында жас буынға заңға бағыну – нағыз жеңіс пен абыройдың бастауы екені жеткізілді.

✅Осындай профилактикалық іс-шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыруға және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың маңызды бөлігі болып табылады.