
Абай облысы Полиция департаментінде қызметкерлер арасында дәстүрлі қысқы спорт мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Семей қаласындағы шаңғы базасында өткен жарыс тәртіп сақшыларының кәсіби дайындығы мен салауатты өмір салтына деген жауапкершілігін айқын көрсетті.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлері арасында бұқаралық спортты дамыту, олардың дене шынықтыру деңгейін арттыру, кәсіби шеберлігін шыңдау, сондай-ақ полиция қызметінің оң имиджін қалыптастыру. Спорттық додаға департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінен 25 қызметкер қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында 3 шақырым қашықтықта:
І орынды – Аслан Нұрғалиев
ІІ орынды – Жақсылық Шармуқанбетов
ІІІ орынды – Айбек Адаев иеленді.
Қыздар арасында 1 шақырымдық қашықтықта:
І орынды – Жазира Омарова
ІІ орынды – Мөлдір Бекболатова
ІІІ орынды – Алтынай Ескедирова жеңіп алды.
Жарыс барысында қатысушылар тек спорттық шеберліктерін сынап қана қоймай, психологиялық тұрақтылықты арттыруға бағытталған тренингтерге де қатысты.
Психолог мамандар ұйымдастырған жаттығулар командалық рухты күшейтіп, әріптестер арасындағы өзара сенімді нығайтуға ықпал етті.
Сонымен қатар бірқатар қызметкерлер арнайы номинациялармен марапатталып, белсенділігі мен жоғары нәтижелері үшін алғысқа бөленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен алғыс хаттар табысталды. Мұндай спорттық іс-шаралар қызметкерлердің физикалық даярлығын арттырып қана қоймай, ұжымдық бірлікті нығайтып, кәсіби қызметтегі жауапкершілік пен төзімділікті қалыптастыруға оң әсерін тигізеді.
Құқық қорғау саласында қызмет ету – жоғары тәртіп пен мықты рухты талап ететін абыройлы міндет. Осы орайда өткізілген шаңғы жарысы тәртіп сақшыларының тек қызметте ғана емес, спорт алаңында да табандылық пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсететінін дәлелдеді.