
Бүгінде алаяқтар түрлі тәсіл ойлап табуда. Олар өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органы, ұялы байланыс операторы, тіпті танысың немесе туысың ретінде таныстыруы мүмкін. Мақсаты – сенің жеке деректеріңе қол жеткізу және қаражатыңды иемдену.
Есіңде болсын:
Күдікті сілтемелерге өтпе.
Бейтаныс нөмірден немесе түсініксіз аккаунттан келген хабарламадағы сілтеме – қауіпті тұзақ болуы мүмкін. Бір рет басу – жеке мәліметтердің таралуына әкелуі ықтимал.
Банктік карта деректерін ешкімге айтпа.
Карта нөмірі, CVV коды, SMS арқылы келген растау кодтары – бұл құпия ақпарат. Нағыз банк қызметкері мұндай мәліметті телефон арқылы сұрамайды. Егер біреу сұраса – бұл алаяқ!
Бейтаныс адамдарға ақша аударма.
«Ұтып алдыңыз», «аккаунтыңыз бұғатталады», «туысыңыз апатқа түсті» деген сияқты қорқыту немесе қызықтыру әдістері – жиі қолданылатын тәсілдер. Асығыс шешім қабылдама.
Күмәндансаң — тоқта да тексер!
Алаяқтар сенің эмоцияңа әсер еткісі келеді: қорқыту, асықтыру, сендіру.
Ал сен сабыр сақта. Ақпаратты қайта тексер. Ресми дереккөзге хабарлас. Жақындарыңмен ақылдас.
Егер күдік туындаса немесе алаяқтық әрекетке тап болсаң — 102 нөміріне хабарлас.
Сенің бір қоңырауың – өзіңді ғана емес, өзгелерді де қорғауы мүмкін.
Қауіпсіздік – әркімнің жеке жауапкершілігі.
Сақ болайық, саналы болайық, алаяқтарға алданбайық!