"Қаңғыбас" ЖПІШ: Абай облысында алғашқы күні ішінде полиция қызметкерлерімен 11 тұрғылықты мекенжайы жоқ жандар анықталып, бейімдеу орталығына орналастырылды.

"Қаңғыбас" ЖПІШ: Абай облысында алғашқы күні ішінде полиция қызметкерлерімен 11 тұрғылықты мекенжайы жоқ жандар анықталып, бейімдеу орталығына орналастырылды.

Абай облысы аумағында 25–27 ақпан күндері қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қаңғыбас» жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алды. Аталған шара әлеуметтік осал топтарға нақты қолдау көрсетуге арналған кешенді бастама.

✅Іс-шараның негізгі мақсаты – өңірдегі құқықтық тәртіпті нығайту, тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтарды анықтау және оларды әлеуметтік бейімдеу жүйесіне тарту. Бұл – тек кезекті рейдтік бақылау емес, қоғамдағы өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешуге бағытталған ауқымды жұмыс. Құқық қорғау органдары есепте тұрмаған тұлғаларды анықтап, құжатсыз жүрген азаматтардың жеке басын сәйкестендіру, оларды тіркеу және қажетті әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бағытында үйлесімді шаралар жүргізуде.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында теміржол вокзалдары, базар аумақтары, жалдамалы пәтерлер, саяжай алқаптары және басқа да қоғамдық орындар тексерілуде. Әлеуметтік бейімдеуді қажет ететін азаматтар анықталып, уақытша бейімдеу орталықтарына орналастырылуда. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрғындармен және осал топ өкілдерімен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, кәмелетке толмағандардың қараусыз қалу деректеріне ерекше назар аударылуда.

Бұл бастама – тек бақылау мен қадағалауға негізделген шара емес, тағдыр тәлкегіне түскен жандарға қол ұшын созуға бағытталған нақты әлеуметтік қадам. Қоғамнан шет қалған азаматтарды қайта әлеуметтендіру, оларды құқықтық кеңістікке қайтару және өмірлік қиын жағдайдан шығуына ықпал ету – іс-шараның басым бағыттарының бірі.

✅Іс-шараның алғашқы күні полиция қызметкерлері 11 тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматты анықтап, оларды бейімдеу орталығына орналастырды.