
Көктемнің шуақты мерекесі – 8 Наурыз жақындап келеді. Бұл – аналарымызға, әпке-қарындастарымызға, қыз-келіншектерге құрмет көрсететін ерекше күн. Алайда дәл осы мерекелік кезеңде интернет-алаяқтар да белсенді әрекет етеді.
Абай облысының Полиция департаменті тұрғындарды қырағы болуға шақырады!
“Сізге гүл келді...” – қауіпті қоңырау!
Мереке қарсаңында алаяқтар:
«Сізге гүл жеткізіледі»
«Курьер үшін SMS-кодты айтыңыз»
«Сыйлық ұтып алдыңыз»
деп хабарласып, телефонға келген растау кодын сұрайды.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ:
* SMS-код – бұл сіздің банктік кілтіңіз.
* Банк қызметкері де, курьер де ешқашан код сұрамайды.
* Кодты айтсаңыз – ақшаңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін.
Онлайн гүл мен сыйлық – абай болыңыз!
Мереке кезінде гүл мен сыйлыққа сұраныс артады. Осыны пайдаланған алаяқтар:
Жалған Instagram-дүкендер ашады
Арзан баға мен “акция” ұсынады
Алдын ала төлем алып, ізін суытады
Сақтық шаралары:
Тек тексерілген, пікірлері бар парақшаларға тапсырыс беріңіз
Алдын ала толық төлем жасауда абай болыңыз
Карта деректерін бейтаныс адамдарға жібермеңіз
Негізгі қауіптер:
Күмәнді сілтемелер
Жеке деректерді сұрау
“Тегін сыйлық”, “жедел жеңілдік” акциялары
Белгісіз шоттарға ақша аударту
Егер алаяқтыққа тап болсаңыз:
Дереу полицияға хабарласыңыз – 102
Уақытылы хабарлау – өз ақшаңызды және өзгені қорғаудың жолы.
Құрметті ханымдар!
Сіздерді келе жатқан 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт, көктемгі көңіл-күй және тек қуаныш тілейміз!
Есіңізде болсын:
Мереке – қуаныш үшін.
Сақтық – қауіпсіздік үшін.
Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз – біздің басты міндетіміз!