Қауіпті жүргізуші: Абай облысында мас күйінде көлік құралын басқарған көлік жүргізушісі тоқтатылды.

Қауіпті жүргізуші: Абай облысында мас күйінде көлік құралын басқарған көлік жүргізушісі тоқтатылды.

Абай облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүргізілген кезекті профилактикалық іс-шара барысында өрескел құқықбұзушылық дерегі анықталды. Патрульдік полиция қызметкерлері 45 жастағы азаматтың басқаруындағы Chevrolet Cobalt маркалы автокөлігін тексеру мақсатында тоқтатқан.

Қызметтік тексеру барысында жүргізушінің мінез-құлқынан күмән туындап, ол белгіленген тәртіпке сәйкес медициналық куәландырудан өткізілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, азаматтың орта дәрежелі масаң күйде көлік басқарғаны анықталды.

Аталған азамат 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Полиция қызметккерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі екенін атап өтеді. Мас күйінде көлік басқару – тек заң бұзушылық қана емес, адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін өрескел әрекет. Мұндай жауапсыздық салдарынан орны толмас қайғылы жағдайлар орын алуы мүмкін.

Осыған байланысты полиция департаменті азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, рөлге отырмас бұрын өз жауапкершілігін терең сезінуге шақырады. Қоғамдық қауіпсіздік – әрбір қатысушының тәртібі мен саналы әрекетіне тікелей байланысты.