🔰Қауіпсіздік пен күштің үйлесімі: қазақ күресінен іріктеу жарысы өткізілді

🔰Қауіпсіздік пен күштің үйлесімі: қазақ күресінен іріктеу жарысы өткізілді

Абай облысында Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде Абай облысы Полиция департаменті құрылымдық бөліністері мен аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында қазақ күресінен іріктеу жарысы ұйымдастырылды

Жарыстың негізгі мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін, физикалық дайындығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдық бірлікті нығайту. Сонымен қатар, жарыс ағымдағы жылдың наурыз айында Тараз қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысатын Абай облысы ПД құрама командасын іріктеу мақсатында ұйымдастырылды.

✅Жарысқа Абай облысы ПД құрылымдық бөліністерінің және аумақтық бөлімшелерінің 42 қызметкері қатысты.

‼️Жарыс нәтижелері бойынша:

66 кг
І орын: Сабигалиев Ринат (ЖҚАЖ)
ІІ орын: Қабдырах Амир (ЖҚАЖ)
ІІІ орын: Куспанов Максат (Семей қ. ПБ)

74 кг
І орын: Орынбекұлы Мейіржан (ЖҚАЖ)
ІІ орын: Дакенов Даурен (ЖҚАЖ)
ІІІ орын: Берікжанов Әнет (ЖҚАЖ)

82 кг

І орын: Құмарбек Айбек (ЖҚАЖ)
ІІ орын: Ахмет Дидар (ЖҚАЖ)
ІІІ орын: Увалиев Нурасыл (ЖҚАЖ)

90 кг

І орын: Хасенов Айдар (ЖҚАЖ)
ІІ орын: Зиятов Даулет (ЖҚАЖ)
ІІІ орын: Саматұлы Аманғали (ЖҚАЖ)

100 кг

І орын: Көкінбаев Мейір (ЖҚАЖ)
ІІ орын: Иляев Алибар (ЖҚАЖ)
ІІІ орын: Дөнбаев Қанат (Көкпекті АПБ)

+100 кг

І орын: Манарбекұлы Жоламан (ЖҚАЖ)
ІІ орын: Қазақбаев Даурен (ЖҚАЖ)
ІІІ орын: Қабсадықов Алдияр (Көкпекті АПБ)

Бұл жарыс қызметкерлердің кәсіби дайындығын шыңдап қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттау мен ұжымдық рухты арттыруда маңызды рөл атқарды.

Абай облысы Полиция департаментінде өткізілген қазақ күресінен іріктеу жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қызметкерлердің спорттық шеберлігін арттыруға, дене дайындығын күшейтуге және ұжымдық бірлікті нығайтуға зор үлес қосты. Жарыс нәтижесінде үздік қызметкерлер анықталып, Абай облысы ПД құрама командасы Қазақстан чемпионатына қатысуға ұсынылды.

✅Бұл іс-шара ішкі істер органдарының қызметкерлерін салауатты өмір салтын ұстануға, кәсіби деңгейін арттыруға және спорт арқылы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған маңызды бастама ретінде есте қалады.