
Абай облысы Полиция департаментінің бастамасымен өңірдегі кәмелетке толмағандардың істері бойынша арнайы ауданаралық сотында кеңес ұйымдастырылды. Кеңес жұмысына білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кеңес барысында кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарын алдын алу шараларына ерекше көңіл бөлінді, бұл Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылуда. Ерекше назар құқық бұзған кәмелетке толмағандарды арнайы білім беру мекемелеріне бағыттау мәселесіне аударылды.
Абай облысының полиция қызметкерлері әрқашан кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне және олардың құқықтық мәдениетін арттыруға ерекше мән береді.
Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ювеналды тобының аға инспекторы полиция майоры Жамантаева Зухра Боранбаевна:
«Біз тәуекел тобындағыларға жататын кәмелетке толмағандармен жұмысқа ерекше бақылау жүргіземіз. Полиция қызметкерлері білім, денсаулық сақтау органдарымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауының алдын алу үшін кешенді шараларды жүзеге асырады. Біздің басты мақсатымыз – олардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету және қоғамда қауіпсіздік пен тәртіпті нығайту», – деп атап өтті.
Кеңес барысында келесі бағыттар бойынша нақты ұсыныстар берілді:
Құқық бұзған кәмелетке толмағандарды тіркеу және оларды арнайы білім беру мекемелеріне бағыттау – полиция қызметкерлерінің үйлестіруімен жүзеге асырылады.
Тәуекел тобына жататын кәмелетке толмағандарға психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету – білім және денсаулық сақтау басқармалары арқылы жүзеге асырылады.
Тәрбиелік және алдын алу шараларын ұйымдастыру – полиция қызметкерлері мен жергілікті билік органдарының бірлескен жоспары аясында жүргізіледі.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ақпараттық-ағартушылық жұмыстарын жүргізу – мектептерде және қоғамдық орындарда полиция бастамасымен тұрақты түрде жүзеге асырылады.
Кеңестің негізгі мақсаты – мемлекеттік органдар мен білім беру мекемелерінің тиімді өзара іс-қимылы арқылы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық деңгейін төмендету, олардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету және қоғамда қауіпсіз ортаны қолдау.