Абай облысында учаскелік полицейлер дрон арқылы қоғаидық тәртіпті қамтамасыз етуде.

Абай облысында учаскелік полицейлер дрон арқылы қоғаидық тәртіпті қамтамасыз етуде.

Учаскелік полиция инспекторының жұмыс күні таңғы сағаттарда өзіне бекітілген әкімшілік аумақты аралаудан басталады. Аталған бағыттағы негізгі мақсат - қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және «нөлдік төзімділік» қағидатын іске асыру.
Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында қызмет барысында заманауи техникалық құралдар, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) қолданылады. Дрондар арқылы анықталған құқық бұзушылықтар бойынша заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданып, құқық бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Күнделікті қызмет барысында инспектор тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарайды, сондай-ақ тұрмыстық жанжалдар мен даулы жағдайларды шешуге жәрдемдеседі.
Учаскелік полиция инспекторының қызметі жоғары жауапкершілікті, ұқыптылықты және азаматтарға әрдайым қолдау көрсетуге дайын болуды талап етеді.