
Қар жауып, көктайғақ болған сәтте Семей-РФ тас жолының 33-ші шақырымында Ресей Федерациясының азаматы басқарған жүк көлігі тас жолдың жиегіне шығып кеткен болатын.
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жолдағы жағдайды тез арада реттеу үшін көмекке Бородулиха ауданының полиция қызметкерлері мен ҚазақАвтожол ДЭУ-25 арнайы техникасын келеді, тәртіп сақшылары жолды уақытша жабу арқылы автокөлікті қауіпсіз жолға шығарып, қозғалыстың қалыпты жалғасуына мүмкіндік жасады. Сонымен қатар, жүргізушінің де денсаулығын бақылап, сапарын жалғастыра алатындығын тексерді.
Жүк көлігін басқарған жүргізуші өз ризашылығын білдіріп:
«Қиын ауа райында көлігімді қауіпсіз жерге шығарып, маған көмек көрсеткені үшін полиция қызметкерлеріне және жол қызметіне үлкен алғысымды білдіремін. Олардың жылдам және кәсіби әрекеті мен үшін өте маңызды болды», – деді.
Полиция қызметкерлерінің кәсіби және ұйымдасқан әрекеттері жолдағы апат қаупін азайтып, жүргізуші мен басқа да қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Полиция Департаменті еске салады:
Жол көрінісі нашар болса, қар жауып немесе жол тайғақ болса, жылдамдықты төмендетіңіз;
Қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз;
Жолда барынша абай болыңыз, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.
Абай облысының полицейлері азаматтардың қауіпсіздігі – басты приоритет екенін тағы бір рет көрсетті. Жол қозғалысы ережелерін сақтау – өмір мен денсаулықты сақтаудың кепілі.