
Азаматтық қару – жеке қорғаныс құралы ғана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік. Абай облысының полиция қызметкерлері тұрғындарға қаруды заң талаптарына сәйкес дұрыс және қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды екенін еске салды. Бұл тек қана заң талабынан емес, өзіңіз бен айналаңыздағы адамдардың өмірін қорғаудың кепілі болып табылады.
Қаруды сақтау ережелері:
Азаматтық қару арнайы металл сейфте немесе құлыпталатын темір жәшікте ғана сақталуы тиіс.
Қару мен оқ-дәрілерді әрдайым бөлек орналастыру қажет.
Қару бөгде адамдардың, әсіресе кәмелетке толмағандардың қолы жетпейтін жерде сақталуы керек.
Қаруды тіркеу, қайта тіркеу және сақтау мерзімдерін қатаң сақтау заңмен міндеттелген.
Полиция тұрғындарға қаруды заңсыз пайдалануға жол бермеуге, қауіпсіздік шараларын жауапкершілікпен сақтауға және заң талаптарын бұзған жағдайда жауапкершілік қарастырылатынын атап өтеді.
Абай облысының Полиция департаменті азаматтарды тек өз мүдделерін ғана емес, жалпы қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін де заң талаптарын орындауға шақырады. Бірлесе атсалысу арқылы біз өзімізді және айналамыздағы адамдарды қауіптен қорғап, қоғамдағы тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз ете аламыз.
Есіңізде болсын: қару – қауіп емес, егер ол дұрыс сақталса, және заң талаптарына сәйкес пайдаланылса ғана қауіпсіздік кепілі болады.