
Аягөз ауданының полициясына 59 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық фактісі бойынша арызмен жүгінді. Арызданушының айтуынша, 2025 жылғы қазанда оның танысы — Жетісу облысының 39 жастағы тұрғыны жеке кәсіпкерлік үшін несие рәсімдеуге көмек көрсету ұйғарымымен арызданушының анкеталық деректерін пайдаланып, 2 000 000 теңге сомасында несие рәсімдеген.
Одан кейін күдікті 1 000 000 теңгені өз жеке шотына аударып, арызданушыға 1 000 000 теңге материалдық залал келтірген.
Сотқа дейінгі тергеу барысында дәлелдік мәні бар материалдар, соның ішінде несие тарихы алынған. Күдікті өз кінәсін мойындады.
Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты процессуалдық міндет — міндетті түрде келу түріндегі шара қолданылды.
Полиция азаматтарға ескертеді: жеке және банктік деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз; кез келген қаржылық операцияларды тек өзіңіз жасап, ресми арналар арқылы жүргізіңіз.