
2026 жылғы 9 ақпан сағат 08:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 778–967 шақырым аралығы, яғни Аягөз қаласынан Қалбатау ауылына дейінгі учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс толықтай шектеледі.
Қозғалысты шектеу қатты жел, төменгі боран, бұрқасын және көрінудің шектелуі сияқты қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты енгізіліп отыр.
Жолды ашудың болжамды уақыты — 2026 жылғы 10 ақпан, сағат 08:00.
Аталған учаскеде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолды күтіп-ұстау мақсатында жол-климаттық техника жұмылдырылған.
Қозғалыс шектеуі келесі бағыттарды қамтиды:
Аягөз – Қалбатау
Таскескен – Жетісу
Қалбатау – Өскемен
Қалбатау – Көкпекті
Полиция департаменті азаматтарды алыс жолға шықпауға, ауа райы мен жол жағдайын ескеруге, сондай-ақ ресми ақпарат көздерін бақылап отыруға шақырады.
Өз қауіпсіздігіңізді сақтаңыз!