
Мал ұрлығының алдын алу — ортақ жауапкершілік! Абай облысының Полиция департаменті аймақтағы мал иелерін сақтық шараларын күшейтуге шақырады. Өкінішке қарай, мал ұрлығының жағдайлары әлі де орын алып келеді, ал мұндай қылмыстардың көпшілігі қараусыз, сәйкестендірілмеген, немесе иесіз малға байланысты тіркеледі. Осы жағдайлардың алдын алу үшін, мал иелерінің әрқайсысына жауапкершілік жүктеледі.
Мал «қараусыз» болмауы тиіс!
Иесіз мал — ұрлыққа мүмкіндік! Сондықтан оны бақылаусыз қалдырмай, жағдайына жауапкершілікпен қарау қажет.
Малдың сәйкестендірілуі — ұрлықтың алдын алу!
Сәйкестендіру шаралары — ұрлану мүмкіндігін төмендетеді және иесінің анықталуын жеңілдетеді. Бұл шаралар тек қана заңды талап емес, сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ететін маңызды қадамдар. Сондықтан келесі үш міндетті сәйкестендіру әдісін қамтамасыз етіңіз:
Таңбалау (малды арнайы таңба арқылы белгілеу): Малдың физикалық белгілерін (таңба) оны басқа малдан ажыратуға мүмкіндік береді.
Сырғалау (биркалау): Малдың сырғасы оның иесін анықтауға, сондай-ақ малдың тіркелгендігін тексеруге мүмкіндік береді.
Чиптеу: Бұл малдың сәйкестігін және иесінің деректерін анықтауға ең сенімді және тиімді әдіс болып табылады. Әр малға чип енгізу арқылы оны тіркеу және іздестіру кезінде жылдам әрі тиімді шаралар қолдануға болады.
Есіңізде болсын: Сәйкестендірілген мал жоғалса немесе ұрланса, оның иесін іздестіру айтарлықтай жеңілдейді.
Мал жайылымын бақылауда ұстап, қылмысқа жол бермеңіз!
Мал ұрлығының алдын алу үшін жайылымына қатысты қатаң ережелер мен тәртіпті сақтау қажет. Жайылымдардың қараусыз қалуы — ұрлық үшін ашық алаңға айналуы мүмкін. Осыған байланысты, мал иелеріне келесі шараларды орындау ұсынылады:
Малшы жалдаңыз: Малға қамқорлық жасау үшін кәсіби малшыны жалдап, оның бақылауында болуын қадағалаңыз.
Жайылымды ұйымдастыру: Мал иелерінің арасында бірлесіп, кезекпен қатысу арқылы тұрақты жайылым ұйымдастыруды қарастырыңыз. Бұл малдың дұрыс бақылануын және қадағалануының кепілі болады.
Маңызды: Қараусыз қалдырылған мал жайылымы — ұрлыққа жағдай жасауға ықпал етеді! Мұндай жағдайлар қылмысқа жол ашады, ал малдың иесі үшін бұл үлкен қауіп туғызады.
Құқық бұзушылықтарды байқасаңыз, дереу хабарласыңыз!
Егер сіз заңсыз мал сою, мал өнімдерін сақтау немесе сатумен айналысатын күмәнді адамдарды байқасаңыз немесе көліктердің күдікті әрекетін, мал тасымалдау әрекеттерін көрсеңіз, бұл туралы дереу 102 телефонына хабарласыңыз.
Абай облысының Полиция департаменті барлық мал иелерін қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады!