
Абай облысында алғаш рет есірткі саудасымен күрес жөніндегі Облыстық кеңес отырысы өтті. Отырысқа Абай облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Эльдар Данияров төрағалық етті. Кездесу өңірдің кешенді есірткіге қарсы саясатын күшейту және ведомствалар арасындағы ынтымақтастықты арттыру бағытындағы маңызды қадам болды.
Отырысқа құқық қорғау органдары мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ спортшылар, журналистер, блогерлер және қоғамдық ұйымдар қатысты. Қатысушылар қазіргі кездегі қиындықтарды талқылап, ұсыныстармен бөлісіп, әрі қарайғы жұмыстың басым бағыттарын айқындады.
Кеңес барысында өткен кезеңдегі жұмыс нәтижелері қорытындыланып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын нақты іс-шаралар белгіленді. Полиция полковнигі Эльдар Данияров есірткіге қарсы күрес тек полицияның ғана емес, қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Оның айтуынша, профилактикалық жұмыс саласындағы негізгі рөл білім беру мекемелерімен, жастар бірлестіктерімен және азаматтық қоғаммен бірлескен жобаларға беріледі.
Есірткі саудасымен күрестің жаңа тәсілдеріне ерекше назар аударылды. Полиция қызметкерлері мен арнайы бөлімшелердің жұмысын тиімділігін арттыру үшін аналитика, ақпараттық және профилактикалық шараларды күшейту, сондай-ақ есірткі таратуға байланысты заңсыз әрекеттерді анықтау мен тоқтату жөнінде кешенді жоспар әзірленді.
Жастар арасындағы есірткі тәуелділігіне қарсы профилактиканы күшейту қажеттілігі ерекше атап өтілді. Ұсыныстардың арасында Абай облысының аумағында спорттық шаралар, мәдени акциялар мен ақпараттық науқандар ұйымдастыру көзделді. Сондай-ақ, медиа саласының маңызы да ерекше айтылды: журналистер мен блогерлерді есірткіге қарсы жобаларды жүзеге асыру және жастар мен жасөспірімдер арасында есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыру үшін өз платформаларын белсенді пайдалануға шақырды.
Кеңес нәтижесінде барлық қатысушылар бір ауыздан: есірткі саудасымен күрес құқық қорғау органдарының, қоғамның және бұқаралық ақпарат құралдарының бірлескен күш-жігерін талап етеді деп қорытындылады. Қабылданған бастамалар Абай облысының тұрғындарының денсаулығын қорғауға және қауіпсіз орта құруға, ең алдымен, жас ұрпақ үшін бағытталған.