"Қауіпсіз аула":Абай облысында 200-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

"Қауіпсіз аула":Абай облысында 200-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Абай облысында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара аясында өңір аумағында профилактикалық бағыттағы кешенді жұмыстар ұйымдастырылып, нәтижесінде 200-ге жуық түрлі құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған тұлғаларды, сондай-ақ пробация қызметінің бақылауындағы азаматтарды барынша қамтып, олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жүргізу, құқықтық тәртіпті сақтау деңгейін арттыру және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Осы бағытта полиция қызметкерлері тұрғындармен жеке профилактикалық әңгімелер өткізіп, заң талаптарын түсіндіру жұмыстарын атқаруда.

Профилактикалық іс-шара барысында ауылдық елді мекендерге, соның ішінде шалғай орналасқан шаруа қожалықтарында тұратын азаматтарға ерекше назар аударылды. Бұл — құқық бұзушылықтардың алдын алуда аймақтық ерекшеліктерді ескеріп, қауіпсіздік деңгейін барлық аумақта біркелкі қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадам.

Жедел іс-шара нәтижесінде қоғамдық тәртіпке байланысты бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу немесе мас күйінде пайда болудың 151 дерегі тіркелсе, ұсақ бұзақылықтың 10 фактісі анықталды. Барлық құқық бұзушылықтар бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Сонымен қатар, іс-шара аясында профилактикалық және пробациялық есепте тұрған барлығы 2029 тұлға тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерілді.
Тексеру барысында олардың өмір салты, әлеуметтік жағдайы, белгіленген шектеулерді сақтау деңгейі назарға алынып, құқықтық тәртіпті сақтау жөнінде қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.