
Абай облысында мектеп оқушылары мен педагогтар үшін арнайы қауіпсіздік сабағы өткізілді. Сабақтың негізгі тақырыбы – «Шетел азаматтарының балалары және елдерге виза талаптары» болды.
Оның барысында келесі мәселелер жан-жақты қаралды:
Шетел азаматтарының балаларын құқықтық қорғау және міндеттері. Оқушыларға және ата-аналарға шетелдік азаматтардың балаларына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген құқықтар мен міндеттер түсіндірілді.
Құжаттарды рәсімдеу тәртібі. Лекция қатысушыларына шетелдік балаларға арналған жеке куәлік, туу туралы куәлік, тұрғын үй тіркеуі және басқа да маңызды құжаттарды рәсімдеу процесі кезең-кезеңімен көрсетілді.
Виза талаптары мен халықаралық сапар ережелері. Қатысушыларға Қазақстан азаматтарының шетелге шығуы кезінде сақталуы тиіс виза талаптары мен халықаралық саяхат нормалары егжей-тегжейлі баяндалды.
Азаматтарды құқықтық сауаттылыққа үйрету, заңнамалық нормаларды түсіндіру және Қазақстан Республикасының заңдарын орындауға баулу- полицияның басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдерге халықаралық саяхат пен құжаттарды рәсімдеу мәселелері жөнінде сенімді ақпарат беру арқылы олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді.
Көші-қон қызметі басқармасы өз жұмысында азаматтардың құқықтарын қорғауға және заң нормаларын сақтау мәдениетін арттыруға ерекше мән береді. Мұндай кездесулер азаматтардың ақпараттық мәдениетін арттыруда, шетелдік азаматтар мен Қазақстан азаматтарының өзара түсіністігін нығайтуда маңызды рөл атқарады.