Абай облысы бойынша «Динамо» ДШСҚ филиалында 2025 жылдың қорытындылары шығарылып, Астанада өтетін конференцияға делегат сайланды

Абай облысы бойынша «Динамо» ДШСҚ филиалында 2025 жылдың қорытындылары шығарылып, Астанада өтетін конференцияға делегат сайланды

Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Аблай Нұрымовтың төрағалығымен Абай облысы бойынша «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы қоғамдық бірлестігінің филиалы мүшелерінің кеңейтілген отырысы өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – филиалдың 2025 жылғы қызметінің қорытындыларын шығару, қол жеткізілген нәтижелерді талдау және алдағы кезеңге арналған дамудың басым бағыттарын айқындау болды. Отырысқа құқық қорғау органдарының өкілдері, филиал мүшелері және Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының қызметкерлері қатысты.

Талқылау барысында спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру, жеке құрамның дене дайындығын арттыру, сондай-ақ спорттық инфрақұрылым мен материалдық-техникалық базаны тиімді пайдалану мәселелері қаралды. Қызметкерлердің жаттығу процесіне тұрақты қатысуы үшін жағдай жасауға және спорт нысандарының қолжетімділігіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар мүшелік жарналардың ашық әрі мақсатты жұмсалуының, қаржылық ресурстарды оңтайлы жоспарлаудың және оларды филиал қызметінің негізгі бағыттарына бағыттаудың маңыздылығы атап өтілді.

Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – 2026 жылғы 9 ақпанда Астана қаласында өтетін «Динамо» ФСО ҚБ кезектен тыс Конференциясына делегат сайлау болды. Отырысқа қатысушылар Абай облысы бойынша филиал атынан өкілді Конференция жұмысына қатысуға және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беруге бірауыздан қолдады.

Отырыс қорытындысы бойынша өңірдегі құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға арналған басым міндеттер айқындалып, филиал жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шаралар белгіленді.