Абай облысында "Қауіпсіз аула" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 63 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Абай облысында "Қауіпсіз аула" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 63 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың тыныштығын сақтау мақсатында Абай облысының аумағында 28 қаңтар мен 3 ақпан аралығында «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шара барысында полиция қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында, қоғамдық орындарда, демалыс аймақтарында және халық көп шоғырланатын жерлерде профилактикалық рейдтер жүргізіп, құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған кешенді жұмыстар атқаруда.

Жедел-профилактикалық іс-шараның нәтижесінде барлығы 63 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Атап айтқанда:

Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу немесе мас күйінде жүру деректері – 47;

Ұсақ бұзақылық фактілері – 5;

Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама бермей кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысу – 4;

Қазақстан Республикасының алкоголь өнімдерін өткізуге қатысты заңнамасының талаптарын бұзу – 6.

Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданып, құқық бұзушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Сонымен қатар алдын алу мақсатында азаматтармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған ескертулер берілді.

«Қауіпсіз аула» іс-шарасы тұрғын үйлердің аулаларындағы қауіпсіздікті күшейтуге, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тұрғындардың полицияға деген сенімін арттыруға бағытталған. Бұл бастама — құқық қорғау органдары мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңызды тетігі.