Абай облысында Киберқылмысқа қарсы қызмет басқармасының қызметкерлерімен №52 мектепте интернет-алақтықтың алдын алу бойынша қауіпсіздік сабағы өткізілді.

Абай облысында Киберқылмысқа қарсы қызмет басқармасының қызметкерлерімен №52 мектепте  интернет-алақтықтың алдын алу бойынша қауіпсіздік сабағы өткізілді.

Абай облысында педагогтердің цифрлық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шара өтті. Атап айтқанда, Абай облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы қызмет басқармасының қызметкерлері №52 жалпы білім беретін мектептің мұғалімдеріне арналған интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша қауіпсіздік сабағын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер туралы құқықтық сауаттылығын арттыру, заманауи киберқылмыс түрлері жөнінде жан-жақты ақпарат беру және білім беру процесінде жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын түсіндіру болды.

Сабақ барысында мамандар интернет-алаяқтардың жиі қолданатын әдіс-тәсілдеріне, оның ішінде жалған сайттар, фишингтік сілтемелер, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерге кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, электронды пошталар арқылы келетін күмәнді хабарламалар, жалған қызметтік хаттар мен деректерді заңсыз иемдену тәсілдері де талқыланды.

Киберқылмысқа қарсы қызмет басқармасының қызметкерлері мұғалімдерге нақты өмірден алынған мысалдар келтіре отырып, күмәнді хабарламаларды анықтау, жеке және қызметтік ақпаратты қорғау, құпиясөздерді қауіпсіз сақтау, сондай-ақ цифрлық платформаларды пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, білім алушылардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мұғалімнің рөлі мен жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

«Қазіргі таңда интернет білім беру саласының ажырамас бөлігіне айналды. Алайда цифрлық мүмкіндіктермен қатар, түрлі қауіп-қатерлер де артып отыр. Мұғалімдер тек өздерінің ғана емес, оқушылардың да цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан бүгінгі қауіпсіздік сабағы педагогтердің киберқауіптерден хабардар болуына және алдын алу шараларын тиімді қолдануына бағытталған», – деді Киберқылмысқа қарсы қызмет басқармасының қызметкері.