
Облыста ауа райының нашарлап, аяз түсуіне байланысты полиция қызметкерлері тәулік бойы әсіресе қала сыртындағы трассаларда қалтқысыз қызмет етуде. Әр көлікті бақылап, техникалық жағдайларына назар аударып, жүргізушілер мен жолаушыларға ескерту жасап, жолда абай болуларын, қажет болмаған жағдайда ұзақ жолға шықпауларын ескертуде.
Омбы – Майқапшағай тас жолында бір реттік рұқсатнама берілген шамамен 60 жеңіл автокөлік пен 24 жүк көлігі полиция қызметкерлері мен арнайы техниканың сүйемелдеуімен арнайы колоннамее қауіпсіз түрде жолға шығарылды.
Абай облысының полицейлері тәулік бойы жол бойында бақылау жүргізіп, көліктердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуде. Арнайы техника мен полицияның үйлестірілген жұмысы барлық автокөлік жүргізушілері үшін жолдағы қауіп-қатерлерді барынша төмендетуге мүмкіндік береді.
Абай облысының Полиция департаменті ауа райының күрт нашарлап, аяз түсуіне байланысты тұрғындарды аса сақ болуға шақырады. Ұзақ сапарға шықпаңыздар, жолдағы қауіп-қатерлерді азайтатын барлық сақтық шараларын қатаң сақтаңыздар. Жолдағы әрбір қадам қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған біздің бірлескен жауапкершілігіміз екенін ұмытпаңыздар.