2026 жылдан бастап жеке басын куәландыратын құжаттарға мемлекеттік баж мөлшері мен төлемнен босатылу жағдайлары

2026 жылдан бастап жеке басын куәландыратын құжаттарға мемлекеттік баж мөлшері мен төлемнен босатылу жағдайлары

Абай облысы ПД Көші -қон басқармасы 2026 жылы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 мың 325 теңге көлемін құрайтыны туралы хабарлайды.
Жеке басты куәландыратын құжаттарды беру үшін мемлекеттік баж:

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мына көлемде:
24 бет – 17 мың 300 теңге (4 АЕК) (16 жасқа дейінгі балалар үшін);
36 бет – 34 мың 600 теңге (8 АЕК);
48 бет – 51 мың 900 теңге (12 АЕК);
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты – 865 теңге (0,2 АЕК);
бір жылдың ішінде екі реттен көп жоғалуына байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі – 4 мың 325 теңге (1 АЕК);
азаматтығы жоқ адамның куәлігі (АЖА)– 34 мың 600 тенге (8 АЕК).
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық кодексінде (бұдан әрі - Кодекс) жеке басын куәландыратын құжаттарды бергені үшін мемлекеттік баж алу объектілері мен мөлшерлемелері бөлігінде түзетулер енгізілген.
Кодекстің 664-бабы 1-бөлігі 8)-тармақшасына сәйкес босқын куәлігін, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алғаш рет және жарамдылық мерзімінің аяқталуы бойынша беруді қоспағанда, жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін мемлекеттік баж алынады.
Осылайша, ҚР азаматының жеке куәлігін алуға алғаш рет өтініш білдірген адамдар (16 жасқа толғанда, оның ішінде 18 жастан асқан адамдар;
1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортының негізінде немесе оны жоғалтуына байланысты қалпына келтіру;
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау), сондай-ақ жарамдылық мерзімінің аяқталуына байланысты ауыстырған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
Сонымен қатар, Кодекстің 667-бабы 3-бөлігі 2)-тармақшасына сәйкес 1 (бір) жылдың ішінде екі реттен көп жоғалуына байланысты жеке куәлікті бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері 0,2 АЕК орнына 1 АЕК құрайды.(4 мың 325 теңге)
Қабылданған түзетулер негізгі құжаттарды алу рәсімдерін жеңілдетуге және азаматтарға қаржылық жүктемені азайтуға, сонымен бірге құжатты ұқыпты сақтау жауапкершілігін және оның жоғалуы үшін жауапкершілікті сақтауға бағытталған.