Абай облысында полиция қызметкерлері қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан полиция аға лейтенанты Асанали Аскербековты еске алды

7 желтоқсан күні Астана – Ерейментау – Шідерті автожолында қайғылы оқиға орын алды. Қызметтік міндетін атқару кезінде жол-көлік оқиғасы салдарынан Ақмола облысы ПД патрульдік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Асанали Аскербеков қаза тапты.

Бүгін Абай облысының полицейлері әріптестерінің рухына тағзым етті. Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Ернар Базаровтың басшылығымен гарнизондық саптық жиын өткізіліп, 300-ден астам қызметкер полиция аға лейтенанты Асанали Аскербековты бір минут үнсіздікпен еске алды.

Полиция қызметі — ерік-жігері мықты, жауапкершілігі жоғары және қажет болса өз өмірін арнауға дайын азаматтардың таңдауы.

Абай облысы Полиция департаменті марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.

Бүгін Қазақстан полициясының әр қызметкері оның жолын жалғастырып, жүктелген міндеттерді абыроймен, қадір-қасиетпен және полиция формасының артында халықтың қауіпсіздігі тұрғанын терең сезіне отырып атқаруда. Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әрбір қызметкер – бүкіл полиция қызметі үшін орны толмас үлкен қайғы.