«Қауіпсіз жол» акциясы: Абай облысының полициясы жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын күшейтті

«Қауіпсіз жол» акциясы: Абай облысының полициясы жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын күшейтті

10–16 қараша аралығында Абай облысының аумағында республикалық «Қауіпсіз жол» акциясы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, олардың ауыр салдарларын болдырмау және жол қозғалысына қатысушылардың жауапты мінез-құлқын қалыптастыру.

Акция аясында полиция қызметкерлері профилактикалық жұмысты күшейтіп, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Негізгі назар жылдамдық тәртібін сақтау, қауіпсіздік белдігін пайдалану, балаларды дұрыс тасымалдау және мас күйінде көлік жүргізудің алдын алу мәселелеріне аударылуда. Жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін учаскелерде қосымша жасақтар қойылып, құқық бұзушылықтар мониторингі жүргізілуде, нысаналы алдын алу шаралары қабылдануда.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды барынша мұқият болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолдағы қауіпсіздік әрбір адамның жауапкершілігіне байланысты екенін ескеруге шақырады.