Семейде жастар арасында нашақорлық пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

Семейде жастар арасында нашақорлық пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

Семей көлік колледжінде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында профилактикалық іс-шара өтті. Кездесудің мақсаты – жастардың құқықтық санасын қалыптастыру, нашақорлықтың алдын алу және есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық жауапкершілікті түсіндіру болды.
Іс-шараға Абай облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Гаухар Еспаева, нарколог-дәрігер Айгоным Рақымжанова, ЖИТС алдын алу жөніндегі облыстық орталықтың қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері Әсел Серікбекова және колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әсия Аубакирова қатысты.
Кездесуге 70-тен астам студент қатысты. Полиция қызметкерлері мен сала мамандары жастармен нашақорлықтың алдын алу, заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары және ЖИТС инфекциясынан қорғану тәсілдері туралы өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесу соңында спикерлер жастарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, заңға құрметпен және өмірге белсенді ұстаныммен қарауға шақырып, бұл қасиеттер әрбір жас азаматтың қауіпсіз әрі табысты болашағының кепілі екенін атап өтті.