Абай облысында "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Абай облысында "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Ағымдағы жылдың 10-12 қазаны аралығында Абай облысының аумағында «Тасымалдаушы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты – жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға бақылауды күшейту, сондай-ақ жеке тұлғалар тарапынан жолаушылар мен жүкті заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау болып табылады.
Сонымен қатар, іс-шара аясында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерінің, оның ішінде көлік құралын мас күйінде басқару, белгіленген жылдамдық режимін асу, қарсы бағытқа шығу, маневр жасау, басып озу, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту кезінде жол ережелерін сақтамау, жолаушылар мен ауыр салмақты жүктерді тиісті талаптарды бұза отырып тасымалдау, қауіпсіздік белдіктері мен балаларды ұстап тұруға арналған арнайы құрылғыларды қолданбау сияқты құқық бұзушылықтардың жолын кесу көзделген.
Аталған шара барысында полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдарын тексеріп, заңсыз тасымалдаушыларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізеді.
  Абай облысы Полиция департаменті барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады. Қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың өмірі – баршамызға ортақ жауапкершілік.