Абай облысында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы жалғасуда

Абай облысында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы жалғасуда

Абай облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жүргізілген іс-шаралар барысында жыл басынан бері полиция қызметкерлері экологиялық сипаттағы 8 558 құқықбұзушылықты анықтады.
Оның ішінде қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, инфрақұрылым нысандарын бүлдіру, жасыл екпелерді жою және бүлдіру, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактілері тіркелген.
Аталған бағытта полиция органдары құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Азаматтарға экологиялық нормаларды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, елді мекендерде тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қоғамдық рейдтер ұйымдастырылуда.
Акция барысында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған кездесулер, сенбіліктер мен ақпараттық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Абай облысы Полиция департаменті облыс тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға, қоғамдық орындарда тазалықты сақтауға және заң талаптарын бұзбауға шақырады.