«ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ»: АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН АШЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

«ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ»: АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН АШЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Абай облысында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ерекше форматтағы профилактикалық іс-шара өтті. Семей қаласының Ы.Алтынсарин атындағы №37 мектеп-гимназиясында құқық қорғау органдарының қызметкерлері "Қауіпсіздік сабағы" тақырыбында ашық дәріс өткізді.
 Шараға кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор, криминалдық полиция бөлімінің маманы, учаскелік полиция инспекторы қатысты.
Олар оқушылармен еркін форматта — "ашық микрофон" стилінде әңгіме жүргізіп, өзекті тақырыптарды талқылады. Мұндай формат балалардың белсенділігін арттырып, полициямен ашық диалог орнатуға мүмкіндік берді.
Жиында ққозғалған тақырыптар:
Буллинг және кибербуллинг:

Мектепте және интернетте болатын психологиялық қысым, қорқыту, кемсіту — бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі. Полицейлер буллингтің алдын алу жолдарын, оның құқықтық салдарын түсіндірді.
Интернеттегі қауіптер:

Жалған аккаунттар, интернет алаяқтар, ақша бопсалау — балалардың онлайн кеңістікте жиі тап болатын қауіптері. Қызметкерлер фишинг, скам, жеке деректерді қорғау туралы кеңестер берді.
Жол қозғалысы ережелері:

Жолда жүру мәдениеті мен қауіпсіздік — жасөспірімдердің күнделікті өмірінде маңызды рөл атқарады. Әсіресе, жаяу жүргіншілерге арналған ережелер мен жаяу жүргінші өткеліндегі қауіпсіздік жайы кеңінен талқыланды.
Құқықтық жауапкершілік:

Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, тыйым салынған әрекеттер үшін туындайтын жауапкершілік туралы да нақты мысалдармен айтылды.
Ашық диалог – сенімнің кілті!

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, өмірлік маңызы бар кеңестер алды.
Іс-шараның мақсаты:

 Жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру;
 Балаларды заманауи қауіптерден қорғау жолдарын үйрету;
 Құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайту;
 Мектеп пен полиция арасындағы серіктестікті дамыту;
Қауіпсіздік – әр баланың құқығы!

 Құқық қорғау өкілдерімен кездесу оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда және қауіпсіз орта құруда маңызды рөл атқарады. Сіз де балаларыңызбен қауіпсіздік тақырыбында ашық сөйлесуді ұмытпаңыз.