Абай облысында алкогольге байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары күшейтілуде

Абай облысында алкогольге байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары күшейтілуде

Абай облысында алкогольге байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары күшейтілуде

«Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Абай облысының полицейлері 418 азаматты қоғамдық орындарда адам қадір-қасиеті мен қоғамдық моральға қайшы келетін мас күйінде болғаны үшін ұстады.

Жүргізілген талдау нәтижесінде әрбір екінші кісі өлтіру және пышақ қолданумен жасалған ауыр қылмыстар спирттік ішімдіктерді бірге ішу барысында жасалатыны анықталды. 2025 жылдың басынан бері өңірде 12 кісі өлтіру фактісі тіркелді, олардың басым бөлігі алкогольдік ішімдіктерді пайдаланумен байланысты.

Полиция қызметкерлері спирттік ішімдіктер, соның ішінде құйып сату жүзеге асырылатын сауда және қоғамдық тамақтану орындарына бақылауды күшейтті. Тексеріс барысында 6 заңсыз алкоголь өнімін сату дерегі анықталды — лицензиясыз және рұқсат етілмеген уақытта.

 Абай облысының Полиция департаментінде атап өткендей, алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жалғасады.