Абай облысында «Учаске» ЖПІШ
1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шара өтуде.
🔹 21 806 үйге учаскелік инспекторлар барды
🔹 791 қару иесі тексерілді, 7 заң бұзушылық анықталды
🔹 1 981 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді
🔹 Полицияға 33 жасөспірім жеткізілді, 11-і Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды
🔹 Міндетін орындамағаны үшін 7 ата-ана жауапқа тартылды
🔹 Арақ ішу және мас күйінде қоғамдық орында жүргені үшін — 110 азамат, есірткіні медициналық мақсатсыз қолданғаны үшін — 3 адам ұсталды
Полиция тұрғын үй аулаларында, көшелерде және түнгі уақытта бақылауды күшейтті. Барлық қызметтер тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін бірлесе жұмыс жасауда.
https://www.instagram.com/abai_department_police/reel/DOeEllhCE1V/