Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Абай облысында «Дабыл түймесі» аппараттық-бағдарламалық кешенін орнату жобасы жүзеге асырылуда

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Абай облысында «Дабыл түймесі» аппараттық-бағдарламалық кешенін орнату жобасы жүзеге асырылуда

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Абай облысында «Дабыл түймесі» аппараттық-бағдарламалық кешенін орнату жобасы жүзеге асырылуда.

Жүйенің басты мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін күшейту және төтенше жағдайларға дер кезінде ден қою. Барлық нысандар бірыңғай орталықтандырылған платформаға біріктіріліп, Жедел басқару орталығымен толық интеграцияланған. Бұл кез келген шақыртуға жедел әрекет етуге және полиция жасақтарын оқиға орнына қысқа мерзімде бағыттауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін облыс орталығында полицияның жедел шақыруына арналған 5 құрылғы орнатылған болатын:
• Абай алаңы;
• Ескі жағалау;
• М. Әуезов алаңы;
• Сапаржай;
• ЦУМ.

Бүгінгі күні олардың саны 10-ға жеткізілді. Қосымша түймелер азаматтар көп жиналатын және құқықбұзушылықтар жасалу қаупі жоғары орындарға орнатылды:

• «Триумф» сауда үйі (Қабанбай батыр – Шәкәрім көшелерінің қиылысы);
• «Бейбітшілік» аралы;
• «Апрель» сауда орталығы (Қабылбаев – Қаржаубайұлы көшелерінің қиылысы);
• Докучаев – Физкультура көшелерінің қиылысы;
• «Жансая» орталық базары (Жансая аялдамасы).

Бұл кешен төтенше жағдайда полициямен тікелей байланыс орнатуға және оқиға орнына нарядтың жедел келуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жоба тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және өңірдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын жетілдіруге бағытталған.