Семейде 704 бала әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Семейде 704 бала әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Семейде 704 бала әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Абай облысында жасөсіпірмдер арасында құқықбұзушылық тыйылмай тұр.

Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу және қоғамдық орындарда темекі шегу бойынша 704 жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл былтырға қарағанда 17 пайызға көп. Құқықбұзушылықтың алдын алу үшін полицейлер өңірде апталық рейдтер ұйымдастырады. Кадрдағы отбасы учаскелік полицияның ерекше бақылауында. Айқай, ұрыс, беймаза тірлікке көршілерден жиі шағым түседі. Жаңа оқу жылы қарсаңында осындай отбасылардың жағдайын тексерген тәртіп сақшылары балалардың кейбірінде не сөмке де, не киім де жоқ екенін анықтады. Осындай жауапсыздық үшін биыл 15 адам ата-ана құқығынан айырылған.

Айнұр Қабдылхақова, Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы:

- Егер үйде үнемі ұрыс-керіс болып жатса, ол балаларға кері әсер етеді. Сондықтан біз балалардың жағдайына бірінші кезекте қараймыз. Мектепке барғаннан кейін де оның уақытылы барып, уақытылы қайтуын қадағалап отыру әрбір ата-ананың міндеті. Егер де есепте тұрған тұлғалар заңды бұзып жатса, әрі қарай әкімшілік құқықбұзушылық және қылмыстық кодекске сәйкес жазаға тартылып жатады.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, жол көлік жүру тәртібін сақтау маңызды. 1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы аясында отбасыларды аралап, олардың балалары мектепке дайын ба, жоқ па қадағалаймыз. Одан кейін мектептерді қадағалап, дайындықтарын бақылаймыз. Жаяу жүргіншілер өткелі бар ма және осы іспеттес шаралардың бәрі қолға алынып, дайындық жүруде. Осылайша үш күн ішінде 94 жасөспірім ішкі істер органдарының есебіне алынды.

https://www.instagram.com/abai_department_police/reel/DOLk4igCJlO/