«Жолдағы жауапкершілік — ортақ міндет»
2025 жылдың өткен кезеңінде Абай облысының аумағында 90 жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс тіркелді,нәтижесінде 32 адам қайтыс болды. Оның 13-і алкогольдік мас күйдегі жүргізушілердің қатысуымен орын алған.
Қаза тапқандардың қатарында кәмелетке толмағандар мен егде жастағы азаматтар да бар. Бұл — тек статистика ғана емес, әрбір санда адам тағдыры, қайғылы оқиға және орны толмас қасірет жатыр.
Әрбір жол қозғалысы ережесін бұзу — бұл адам өміріне төнген ықтимал қауіп. Әрбір апаттың артында адам тағдыры тұр.
Ата-аналарға жеке үндеу: балаларыңызға көшеде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін үйретіңіздер және өздеріңіз де оларға үлгі болыңыздар.
Құрметті жүргізушілер, жолда өте мұқият болыңыздар, көлік құралын мас күйінде басқаруға жол бермеңіздер, сондай-ақ көлік жүргізуге рұқсат беретін тиісті құжатсыз басқару жағдайын да болдырмаңыздар!