Абай облысында бір түнде – 84 жасөспірім
Рейд барысында анықталған заңбұзушылықтар
Абай облысында бастау алған республикалық акция «Түнгі қаладағы балалар» аясында тәртіп сақшылары мен тиісті қызмет өкілдері жасөспірімдердің түнгі уақытта көшеде жүру фактілерін анықтап, бірқатар заңбұзушылықтың жолын кесті.
Бар болғаны бір тәулікте:
— 84 жасөспірім полицияға жеткізілді
— 80 ата-ана баласының түнде жалғыз жүруіне жол бергені үшін жауапқа тартылды
— 3 жасөспірім қараусыз жүргені үшін бейімдеу орталығына орналастырылды
— 1 бала ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылды
— 80 есептегі жасөспірім үйінде тексерілді
— 5 жазғы лагерьде құқықтық сабақтар өтті
— Балаларға зиянды 20 интернет-контент бұғатталды
Мақсат – жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқықбұзушылықтың алдын алу.
Акция 29 шілдеге дейін жалғасады.
Акция продлится до 29 июля. Мы рядом, чтобы защитить наших детей.