Алакөл жағалауында полицейлер туристке жоғалтқан телефонын табуға көмектесті
Алакөл көлінің жағалауында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін туристік полиция қызметкерлері демалушы азаматқа жоғалтқан ұялы телефонын қайтаруға жәрдем көрсетті.
Полиция қызметкерлеріне өзінің жеке телефоны жоғалғаны жөнінде турист хабарласқан. Жедел әрекет ету нәтижесінде және жүргізілген іс-шаралар барысында полицейлер жоғалған құрылғының орнын анықтап, оны иесіне қайтарды.
Демалушы азамат полиция қызметкерлерінің нақты әрі кәсіби іс-әрекеттеріне ризашылығын білдірді.
Жазғы маусым басталғалы бері жағалаудағы полицейлер ондаған туристке жоғалған заттарын табуға, сондай-ақ түрлі тұрмыстық және құқықтық мәселелерді шешуге көмек көрсетті.
Туристік полиция азаматтардың жаппай демалатын аумақтарында қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызметін күшейтілген режимде жалғастыруда.
https://www.instagram.com/abai_department_police/reel/DMcKMWPtZN1/